Облыс әкімінің айтуынша, барлық бағалау өрт сөндірілгеннен кейін ғана жүргізіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев "Оңтүстік Қаратұрын" кен орнындағы апаттың мән-жайын айтып берді.
"Қаратұрын кен орнындағы апат әлі жойылған жоқ. Компанияның мәлімдеуінше, келесі айдың соңына қарай өрт толығымен сөндіріледі. Қажетті іс - шаралар жүргізіліп жатыр. Қосымша ұңғымалар бұрғыланды, онда газдың қайдан келетінін анықтау үшін су мен басқа да реагенттерді беру мүмкіндігі жасалды", – деді Ноғаев.
Оның сөзінше, мамандар зерттеу жүргізген, кен орнында метан концентрациясы асып кеткені анықталған. Бірақ жақын маңдағы елді мекендерде тіркелмеген.
– Өртті сөндіргеннен кейін барлық қажетті шаралар қабылданады және экология департаменті Экологиялық кодекс шеңберінде қажетті шараларды жүргізеді, – деді Ноғаев.
Еске сала кетейік, Оңтүстік Қаратұрын кен орнында жарылыс 9 маусымда болды. Кейінірек жерді зондтаумен айналысатын француздық Kayrros SAS компаниясы Батыс Қазақстанда метанның үлкен ағуын тіркегені туралы ақпарат пайда болды. Экология министрлігі №303 ұңғымадағы апатты жою атқылаған газдың жануына және басқа да жағдайларға байланысты күрделі техникалық міндет екенін хабарлады.