Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында қызылшаға қатысты эпидемиялық жағдайды айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Министрдің айтуынша, соңғы кезде республика бойынша қызылшамен ауырғандар саны артып келеді. Қазір эпидемиялық жағдай тұрақсыз.
«Елімізде қызылшаның 17 мыңнан астам жағдайы тіркелген, оның 82%-дан астамы балаларға тиесілі. Балалардың 83%-ы екпе алмаған. Бұл ретте, балалардың 60%-ы екпеден бас тартқан. Қалған балалар егу жасына жетпеуіне байланысты және медициналық көрсетілімдер бойынша вакцина алмаған. Қызылша ауруы барлық өңірде тіркелді. Соның ішінде Шымкент, Алматы қалаларында, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Атырау облыстарында өршіп тұр», – деді министр.
Оралхан ҚОЖАНОВ