Комсомолдан Елбасыға дейін: Назарбаевтың мемуарлары жарыққа шықты

Ғалиасқар Думан

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың естеліктері бір кітапқа топтастырылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Кітаптың сатылымға шыққанын бұрынғы президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады. Кітап "Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа" деп аталады. Бұған дейін Orda.kz порталы кітапта экс-президент өзінің саяси және жеке өмірі туралы естеліктері жазылғанын хабарлаған. Мәселен, кітапта 2011 жылғы Жаңаөзендегі оқиғалар, 2019 жылғы билік транзиті, сондай-ақ 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға байланысты мәліметтер келтірілген.

Сонымен қатар, кітапта Назарбаев екінші отбасы, Әсел Исабаева және екі ұлы барын мойындайды. 

Кітап екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде жазылған.

Бұған дейін Назарбаевтың соңғы мемлекеттік қызметі жойылғаны хабарланған болатын.

Былтыр парламент Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы туралы заңды жойған.