Алматы ауыр машина жасау зауыты мен Ғабдувалиевтер үйі мемлекетке қайтарылды

Ғалиасқар Думан

Бұл туралы Бас прокуратура ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Яндекс

- Мемлекетке заңсыз жекешелендірілген темір жол көлігі үшін материалдық-техникалық отын қоймалары, «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ-ның акциялары, республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші - 1912 жылы салынған көпес Ғабдувалиевтің үйі (Қызыл таң мата үйі), жер учаскелері қайтарылды, – деп хабарлады құзырлы орган.

 

Бас прокуратура заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі жұмыс шеңберінде Жоғарғы сот жалпы сомасы 14 млрд теңгеге 18 наразылықты қанағаттандырғанын хабарлайды.