Ақтөбе облысының шекара заставасындағы кісі өлімі: тергеу жүріп жатыр

Айнель Аянова

Қайғылы жайттың Қиялы шекара заставасында осы сенбіде болғаны хабарланады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Әскери прокуратура шекара бекетінде келісімшарт бойынша қызмет ететін екі әскери қызметкер арасында кикілжің болғанын хабарлайды.

Салдарынан бір әскери қызметкер екіншісіне оқ атқан. Соңғысы ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды.

Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының Ақтөбе бөлімі Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Күдікті ұсталды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ұлттық ұланның әскери қызметшісі Петропавлда қаза тапқаны туралы хабарланған болатын.