Шетелден көлікті заңсыз әкелетіндердің әрекеті әшкереленді

Оралхан Қожанов

Көлік прокурорлары автомобильдерді тасымалдаудың «теріс схемаларын» анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

Ашық дереккөзден

Биыл елімізде 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автомобильдерді заңдастыру басталған еді. Халыққа бұл туралы толық мәлімет беріліп, алымның бір реттік мөлшерлемесі 200 мың теңгеге теңестіілген болатын.

«Алайда пайдакүнемдер бұл жағдайды теріс пайдаланды. Алматы қаласында, БҚО және ШҚО-да заңбұзушылықтар анықталды. Мемлекетке 400 млн теңгеден астам залал келді. Басқа аймақтар тексеріліп жатыр», - деді ведомствода.