«Қалай дегенмен көршіміз ғой»: Назарбаев өкілеттігін тоқтату алдында Путинге хабарласқанын айтты

Ulysmedia

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» арнасынан көрсетілген «Штрихи к портрету» фильмінде өкілеттігін тапсыру туралы сауалға жауап берді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

«Мұндайды жария етуге болмайды. Ешкімге айтқан жоқпын. Тек сол күні таңертең Путинге қоңырау шалдым. Қалай дегенмен де көршіміз ғой. Ол аң-таң болды. «Бүгін кешке жарияланады. Өз аузымнан естігеніңіз дұрыс болады деп шештім» дедім. Басқа ешкім білген жоқ. Бұл ой маған біраз уақыт бұрын келген», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Оның айтуынша, өкілеттігін тоқтату туралы ой оған 2015 жылы 75 жылдықты атап өткен кезде келген.

«Сол кезде-ақ осымен тоқтату керек деп шештім. Қазақстан халқы Ассамблеясы менің өкілеттігімді сайлаусыз созу үшін ел аумағында қол жинай бастады. Менің қарсылығыма қарамастан, 5 млн. қол жиналды, бұл дегеніңіз – электораттың 65 проценті. Сол кезде мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы шешім қабылданды. Алғашқы халықтық сайлау 1991 жылы өтті, 98,8% процент дауыс жиналды, ал соңғысында – 97,8%. Сайлау нәтижелерімен танысып шықтым, 80%-дан кем болмаған екен. Кім де кім бұл нәтижелерге күмәнданса, алдымен жақсылап ойланып көрсін. Бұл 60% емес қой, 80-90%-ды ойдан жаза салуға болмайды. Естеріңізде болса, 2015 жылы адамдар дауыс беру үшін кезекте тұрған. Сол кезде адамдардың маған деген сенімен көріп көзіме жас келді», - дейді ол.