Непал мен Үндістанда табиғи апаттан адамдар қаза тапты

Ulysmedia

Непалда осы аптада басталған су тасқыны мен лай көшкінінен кем дегенде 99 адам мерт болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

interfax.ru-дың мәліметінше, жергілікті билік марқұмдардың саны әлі де өсуі мүмкін екенін айтады.

Құтқарушылар із-түзсіз жоғалған 40 адамды іздестіріп жатыр, ал зардап шеккен 35 аадам ауруханаға жеткізілген.  Тасқыннан елдің шығысы мен батыс өңірлері зардап шекті. Табиғаттың тосын мінезі көрші Үндістан тұрғындарын да тығырыққа тіреді. Ол жақта су тасқынан 88 адам қаза тапты.

Аймақтағы жолдар, көпірлер мен ғимараттар топан су астында қалды. Үндістан мен Непалдағы эвакуация жұмыстарына Қызыл Крест ұйымының мамандары да тартылды. Әзірге тасқыннан келген шығынның нақты мөлшері есептелген жоқ. Синоптитер жауын-шашын тек апта соңына қарай бәсеңдейтінін айтады.