Қарағандыда субсидияны қалтаға басқан азамат сотталды

Оралхан Қожанов

Қаржы мониторингі агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаменті мамандары 253 млн теңгеге аса ірі көлемдегі инвестициялық субсидияларды ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

«Күдікті Қарағанды облысының шаруа және фермер қожалықтарының атынан жалған құжаттарға сүйене отырып, жоғары бағамен субсидия алуға өтініш беріп, соның негізінде қаражатқа иелік еткен», - делінген мәліметте.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, келтірілген зиянды өтеумен 10 жыл мерзімге кәсіпкерлікпен айналысу құқығынан шектеліп, 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды.