29 жастағы шетел азаматы полицияға хабарласып, автовокзалда сөмкесінің ұрланғанын айтқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жәбірленуші ұрланған сөмкеде 100 еуро мен ұялы телефон болғанын айтады.
Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полициясының қызметкерлері өтініш берушімен әңгімелесіп, автовокзалға келушілердің бірі қылмыс жасаған болуы мүмкін деген болжам жасады.
Бақылау камераларынан түсірілген бейнежазбаларды талдау барысында жедел уәкілдер елорданың бұрын сотталған тұрғынын анықтады. Бейнежазбада қылмыскердің шетел азаматының сөмкесін қараусыз қалдырғанын байқап, сол сәтті қалай пайдаланғанын анық көруге болады. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс басталды.
Тергеу жалғасуда. Сондай-ақ күдіктінің бұрын Астана аумағында жасалған осындай қылмыстарға қатысы болуы мүмкін екендігі анықталуда.