Иран 32 мемлекет үшін визалық режимді түбегейлі жояды

Оралхан Қожанов

Иранның министрлер кабинеті 32 елмен визалық режимді жоюды мақұлдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

CentralAsia

Мемлекет БАӘ, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Катар, Кувейт, Үндістан, Ресей, Ливан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Өзбекстан, Тунис, Мавритания, Танзания, Зимбабве, Маврикий, Сейшель аралдары, Индонезия, Бруней, Жапония, Сингапур, Камбоджа, Малайзия, Вьетнам, Бразилия, Перу, Куба, Мексика, Венесуэла, Босния және Герцеговина, Сербия, Хорватия және Беларусь елдері үшін визасыз режим енгізбек.

Иранның мәдени мұра, қолөнер және туризм министрі Иззатулла Зургоми Тегерандағы министрлер кабинетінің отырысынан кейін журналистерге жаңалық туралы хабарлады.

 

Иран әлеммен, адамдармен байланыс орнатып, иранофобиямен күресуді қалайды. Визалық режимнің біржақты жойылуы – Иранға еркін келетін шетелдік азаматтармен байланысу мүмкіндігі, - деді Зургоми.

Иран министрінің айтуынша, үкімет ел есігін бүкіл әлемге ашпақшы.