Oyan, Qazaqstan!: Алматыда Қаңтар құрбандарын қалай еске алды

Ulysmedia

Бүгін "Oyan, Qazaqstan!" және демократиялық партияның белсенділері Қаңтар оқиғасында қаза тапқан қазақстандықтарды еске алу үшін Республика алаңына жиналды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia

Барлығы шағын пикеттен басталды. Ең әуелі журналист әрі қоғам белсендісі Әсем Жапишева өткен жылдың қаңтарында тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан төрт жасар Айкөркем Мелдехан бейнеленген плакатпен шықты. Белсенді журналистерге оның акциясы қаңтар кезінде өлтірілген барлық жеті балаға арналғанын айтты.

Кейінірек бұл жерге тағы бірнеше демонстрант, соның ішінде демократиялық партияның белсенділері жинала бастды. Олар қаза тапқандарды еске алу үшін дұға оқыды. Олар Желтоқсан мен Жаңаөзен оқиғаларының мән-жайы қазақстандықтарға ашық түрде жеткізілсе, “Қаңтар оқиғасы болмас па еді?” деген ойын айтты. Сондай-ақ, белсенділер азаматтардың өліміне кінәлі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды, белсенділерге қатысты саяси қудалауды тоқтатуды талап етті.

Айта кету керек, Алматы әкімдігінде бұл демонстрация заңсыз деп танылды. Билік өкілдері демонстранттарға бірнеше рет акцияны тоқтатуға өтініш білдірді.