Алматыда төтеншеліктер тұрғындарды тауға шықпауға шақырды

Ulysmedia

Алматы облысында қар көшкіні қаупі бар 55 учаске бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Pixabay

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті 18-21 желтоқсан аралығында тауларда көшкін қаупі сақталатынын хабарлады.

"ТЖД азаматтардан, туристер мен демалушылардан қар көшкіні туындауы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды", - делінген хабарламада.

Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тау жотасының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болатынын атап өткен жөн.