«Қазақфильмнен» 400 млн теңгеден астам қаржы ұрланды – прокуратура

Ғалиасқар Думан

Алматы қаласының прокуратурасы тергеуді сотқа дейінгі тергеп-тексеруді экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатқанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Алматы қаласының прокуратурасы «Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм» акционерлік қоғамын тексеру қорытындысы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталғанын хабарлайды. Алдын-ала мәлімет бойынша, фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден астам қаржының ұрланғаны анықталған.

Еске сала кетейік, антикор Шәкен Айманов атындағы Қазақфильмнің бұрынғы президентінің қылмыстық әрекетін әшкереленгенін жариялаған еді.