Қарағанды облысында педофил 23 жылға сотталды

Ulysmedia

Бес жасар баланы ұрлап, зорламақ болған Қаражал қаласының 55 жастағы тұрғыны 23 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

«Қоғамдық резонанс тудырған жас баланы ұрлау және зорлау әрекеті Қаражал қаласында болды. Зорлаушы 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Осы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс көрсеткіші 6,3% - ға төмендегені байқалады. Ювеналды полиция қиын жасөспірімдермен және тұрмысы нашар отбасылармен жүйелі жұмыс жүргізуде», - дейді Қарағанды облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин халыққа есеп беру кездесуінде.

Еске сала кетсек, бұл оқиға осы жылдың сәуір айында Қаражал қаласында болды. Қыздың ата-анасы полицияға жүгініп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бала 55 жастағы ер адаммен бірге қараусыз қалған үйден табылды. Аталған факті бойынша қатысты қылмыстық іс қозғалды.