«Жауап беретін ешкім табылмай қалады»: Годунова «Қазсушарды» қатаң сынады

Аян Өрібай

Кәсіпорынның барлық табысының жартысына жуығы республикалық бюджеттен түсетін түсімнен келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Жоғары аудиторлық палата басшысы Наталья Годунова "Қазсушар" кәсіпорнының қаржылық жағдайы тұрақсыз күйде екенін айтты. Десе де, компанияның өзі керісінше ақпарат береді.

Годунованың айтуынша, кәсіпорынның барлық табысының 48%-ы республикалық бюджеттен түсетін түсім.

– Қаржылық тұрақтылық ойдан шығарылған, өйткені бұл көрсеткіш қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы бос ақша қаражаттарының қалдығы есебінен бұрмаланған. Жаз басында қалдық 19 млрд теңгені құрады. Бұл барлық қолма-қол ақшаның 57% құрайды және бұл қаражат 2018 жылдан бастап жинақталған сома. Біз бұл мәселеге үлкен мән береміз. Үш аудит жүргізілді. Ұйымдастырушы жағынан да мәселе бар: әр кезде жауап берер ешкім жоқ. Әр жолы отырысқа су ресурстары комитеті мен "Қазсушардың" жаңа басшылары келеді", - дейді Наталья Годунова.

Қазсушар – су ресурстары комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны. Ол республикалық маңызы бар су шаруашылығы объектілерін пайдаланумен, күтіп-ұстаумен және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен, суармалы және ауыз су берумен айналысады.