35 адам 49 млн теңге жоғалтты: Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды

Ulysmedia

Qazhome тұтыну кооперативінің атынан қаржылық пирамида ұйымдастырған Атырау тұрғындары бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Shutterstock

Азаматтарға жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз ету сылтауымен қаржылық пирамидасына ақша салу ұсынылған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында кооператив қызметіне 300-ге жуық салымшы тартылғаны анықталды. Шағым түсірген 35 адамның шығынының өзі 49 млн теңгеден асып отыр.

QazHome басшыларына әрқайсысына алты жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.