Қазақстанның Пхукет аралында тұратын азаматы "НеМолчиKZ" қорына жүгініп, бейтаныс ер адам өктем түрде қырындағанын айтқан. Алайда бойжеткен жоламауды талап еткен кезде әлгі ер адам оның бетіне екі рет соққы жасаған. Оқиға 15 желтоқсанда тіркелген, деп хабарлйды Ulysmedia.kz.
Полицияға шағым
Бойжеткен бейтаныс адам өтінішін елемей, өзіне қысым көрсете бастаған кезде скутердің жанында болғанын айтқан. Осыдан кейін ер адам тіпті бойжеткенді қорқытып, оған агрессия танытып, содан кейін оның бетіне екі рет соққы жасаған. Бойжеткен дереу полицияға, артынша Қазақстанның Таиландтағы елшілігіне жүгінген.
Құжаттай дәлелдер
Қазақстан азамаьы сот-медициналық сараптамадан өткен. Өзінде жанжалдың бейнежазбасы, қорқытып қоңырау шалған дауыстың жазбасы бар. "НеМолчиKZ" қоры шабуылдаушы – М.Н екенін, оның Ресей азаматы, кикбоксинг пен ММА спорт шебері, сонымен қатар К-1 бойынша Дағыстанның үш дүркін чемпионы және 2014 жылы ММА бойынша Мәскеу чемпионы екенін растайды.
Жаза және жақындауға тыйым салу
Таиланд полициясы шабуылдаушыға 1000 бат (шамамен 13046 теңге) айыппұл салып, оған жәбірленушіге жақындауға тыйым салған. Тергеу жалғасып жатыр. Қоғамдық ұйымдар зардап шеккен бойжеткеннің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында істі бақылауға алғанын хабарлайды.