Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 162 науқастың жағдайы өте ауыр

Ulysmedia

23 қазандағы мәлімет бойынша, 50 869 адам коронавирус инфекциясынан (–44 687 + және 6 182 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, олардың ішінде 8 750 пациент стационарда, 42 119 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 631 адамның жағдайы ауыр, 162 пациенттің жағдайы өте ауыр, 107 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.