Қарағандыда полиция басқармасының бұрынғы басшысына іздеу жарияланды

Ғалиасқар Думан

Оған 2023 жылдың 1 желтоқсанында іздеуге жарияланған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Ішкі істер министрлігі Рустам Құлкеевті іздестіріп жатыр.. Іздестіру іс-шараларын Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізеді.

Бұған дейін полиция Қарағанды облысы полиция департаментінің тергеу басқармасының басшысы Рустам Құлкеевтің майнингке арналған жабдықты ұрлады деген күдікке ілінгенін хабарлаған. Бұл жабдық қылмыстық іс аясында тәркіленді.

Ұрлыққа қатысты істе Құлкеевтің қарамағында жұмыс істегендер де тергеліп жатыр