Ди Каприо естімесін - 2024 жылы елімізде қанша киікті атуға рұқсат

Оралхан Қожанов

Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті келер жылы ауланатын аңдардың лимиті туралы бұйрықты «Ашық НҚА» порталына жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Бұйрықта киіктің барлығы ғылыми мақсатта ғана ауланатыны мәлімделген.

2024 жылғы 15 ақпаннан бастап 2025 жылғы 15 ақпанды қоса алғандағы кезеңге аң аулау объектілері саналатын жануарлар түрлерін алып қою лимиті» туралы Ашық НҚА-да жазылған кестеде жойылатын киік саны көрсетілген.

Бір жыл уақыт аралығында ұзын саны 5 350 киік атылмақ. Оның ішінде Ақмола облысында – 280, Ақтөбе облысында – 90, Батыс Қазақстанда – 1 100, Қарағанды облысында – 1 280, Қостанай облысында – 1 230, Ұлытау облысында – 1 530 киік ауланады.

Естеріңізге салсақ, жуырда ғана Голливуд актеры Леонардо Ди Каприо киіктер жайлы пост жазып, Қазақстан билігін мақтаған болатын.