Ұлу жылынан не күтеміз - астролог

Оралхан Қожанов

Қазақ ежелден әр жылдың өзіне тән сипатын берген. Ал биыл  жыл санауы бойынша - ұлу жылы. Бұл жыл қазақстандықтар үшін қандай жыл болмақ? Келер 2024 жылдан не күтеміз? Ulysmedia.kz тілшісі астрологтардың пікіріне құлақ асып көрді.

Pixabay

Ұлу – даналықтың, күш пен өркендеудің символы. Сонымен қатар,  күнтізбе бойынша – кібісе жыл, яғни бірқатар өзгеріске әкелетін күшті, энергияға толы жыл болмақ. Астролог мамандардың айтуынша, ұлу жылының бір ерекшелігі – бұл жылы гармонияда жүру арқылы еңбек ететін жандардың жолы болмақ. 

Ал кәсіп бастаймын деген жандар үшін астролог мамандар күмән туғызатын ортаға қаражат бөлмеу керектігін ескертеді.

Бұл жыл әрбір қазақстандық үшін табысты, берекелі жыл болмақ. 2024 жылы жомарт, ақпейіл және кешірімді болған абзал, дейді астрологтар. 

Келер жылдың иесі сатқындық пен өтірікті ұнатпайды. Сондықтан да мамандар жақындарыңызға, достарыңызға өтірік айтудан сақ болау керектігін айтады. 

Ұлулар туралы қызықты деректер

Ұлулар соқыр және саңырау. Олар тек жарық пен қараңғылықты ғана ажыратады. Ал бір-бірімен жанасу арқылы байланысады. Ұлулар орташа есеппен 15 жыл өмір сүреді.

 – қолайсыз жағдай кезінде 6 айлық ұйқыға кете алады;

- бір минуттың ішінде 7 сантиметр қашықтықты жүріп өтеді;

- ұрпақ қалдыру үшін серіктес қажет емес;

- өз салмағынан 10 есе ауыр затты тасымалдай алады;

- ұлудың етіндегі ақуыз мөлшері тауықтың жұмыртқасынан көп;

- тістерінің саны кез-келген акуладан көп;

- ең үлкен түрі – австралиялық ұлу, салмағы – 40 кг, ал ұзындығы – 30 см дейін жетеді.