Си Цзиньпин жаңа жылдық үндеуінде Қытай мен Тайваньды біріктіру жайлы айтты

Ғалиасқар Думан

Оның айтуынша, кездесу "тарихи қажеттілік" есептеледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Қытай басшысы Си Цзиньпин жаңа жылдық үндеуінде Қытай мен Тайваньның бірігуі туралы айтты.

– Отанды біріктіру – тарихи қажеттілік. Ал Тайвань бұғазының екі жағындағы отандастар қол ұстасып, ұлттық жаңғырудың ұлы даңқымен бөлісе білуі керек. 2024 жылы Қытай Халық Республикасының құрылғанына 75 жыл толады. Қытай қытай үлгісіндегі модернизацияны тұрақты түрде ілгерілетіп, дамудың жаңа тұжырымдамасын толық, дәл және жан-жақты жүзеге асыруы керек, - деді ол.

Қытай Тайваньды өзінің ажырамас бөлігі деп санайды. Сонымен бірге, Бейжің 1949 жылы азаматтық соғыс аяқталып, ҚХР құрылғаннан бері аралға билігін тели алмай келеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың тамызында Қытай мен Тайвань арасындағы шиеленіс күшейіп, сол кездегі АҚШ Конгресінің өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси аралға келген болатын. Осы сапардың аясында қытай билігі Тайваньмен "бірігу" сөзсіз болады деп атады.