Павлодарда қаруланған ер адамдар ұсталды

Ulysmedia

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы – атыс қаруын заңсыз сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Облыстық департаменттің мәліметінше, Павлодарда заңсыз қару ұстаған 3 факт тіркелді.

«Полиция қызметкерлері түнде Естай көшесіндегі үйдің ауласынан 35 жастағы павлодарлықты ұстады. Оның газ тапаншасы тәркіленді. Сол күні 36 жастағы ер адамның қалтасынан травматикалық тапанша тәркіленді. Ұсталғандар қаруды жеке қорғаныс үшін алып жүргенін мойындады», - делінген баспасөз хабарламасында.

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы - атыс қаруын заңсыз сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

«Сондай-ақ, Екібастұз қаласында 16 калибрлі тегіс ұңғылы аңшылық мылтықтан заңсыз жасалған кесінді тәркіленген 41 жастағы азамат анықталып, ұсталды. Қаруды заңсыз дайындау фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 288-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Заттай дәлелдемелер ретінде алынған қару сараптамаға жіберілді», - деді департаментте.

Департаменттің хабарлауынша, атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.