Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысында болған ірі жол апаты жайлы ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл оқиға бүгін сағат 13:20 шамасында "Алматы-Екатеринбург" тас жолында болған. Ауа райының қолайсыздығынан 7 бірдей көлік соқтығысты. Ресми мәліметке сәйкес, зардап шеккен адамдар жоқ.
"Аталған автокөліктер жолды жаппай тұрғанда Астанадан Қарағандыға қарай өтіп кеткен. Ошағанды кентінің маңында жолдың көрінбеуі салдарынан көліктер бір-біріне соғылған", - дейді полицейлер.
Полиция көлік жүргізушілерден алыс жолға шықпауды сұрайды.
Айта кетерлігі, бүгін ауа райының қолайсыздығы салдарынан 5 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 17 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.