Сырдария Аралға айнала ма: Өзеннің табиғи ерекшелі мен оны құтқару жолдары

Ulysmedia

Бірнеше күн қатарынан Facebook желісінде Қызылорда облысы тұрғындары жазған жаңалық пен бейнематериалдар, фотосуреттер қызу талқыланып жатыр. Аймақтың негізгі су қоры – Сырдарияның күрт тартылып бара жатқаны облыс тұрғындарын алаңдатуда.  Видео мен фотосуреттерде өзеннің таяз болып қалғаны анық көрінеді. Өзеннің тартылуына не себеп болды? Қазақстан кезекті экологиялық апаттың алдында тұр ма? Жалпы, алаңдауға негіз бар ма? Ulysmedia.kz осы мәселенің анық-қанығын біліп көрді.

Фото: ашық дереккөз

Өткеніңді білмей, болашағыңды болжай алмайсың.

АНЫҚТАМА

Сырдария – Орта Азияның ең ұзын өзендерінің бірі, ол Ферғана алқабының шығыс бөлігіндегі Нарын мен Қарадарияның қосылысуынан пайда болады. Өзеннің ағысы Қырғызстан елінің таулы аймақтарында қалыптасып, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстан аумағы арқылы Арал теңізіне құйылады. Жағасында, Қызылорда, Шардара, Байқоңыр және Худжанд қалалары орналасқан.

«Өткеніңді білмей, болашағыңды болжай алмайсың». Сырдарияның қазіргі аянышты жағдайын осы сөз сипаттайтындай. Өзенге қатысты бүгінгі мәселе – отыз жыл бұрынғы оқиғалардың салдары ғана.

КСРО кезінде Сырдария бассейніне жататын төрт республиканың жылдық су қажеттілігі суармалы жерлерді игерудің басымдықтары бар суару кестесіне сәйкес Нарын суқоймалары каскадының жұмыс режимін реттеу арқылы қамтамасыз етілген. Барлық ережелер мен тапсырмалар жоғарыдан түсіп отырған. Суды қалай, қашан және қанша мөлшерде және кімге бөлу керектігі Мәскеуде шешілді. Қазіргі уақытта өзеннің бойында сегіз қуатты гидроэлектростанция бар. Төртеуі Қырғызстан, екеуі Өзбекстан, біреуі Тәжікстан және тағы біреуі Қазақстан аумағында. Қазақстанға жеткенше Сырдың суын үш мемлекет өз қалауы бойынша пайдаланып, жеті суқоймаға жинайды. Қалғаны Қазақстанға бұйырады. Қанша қаласақ та бұған ештеңе істей алмаймыз.  

1991 жылдан бастап Нарын каскадының жұмыс режимін реттеу арқылы судың жылдық қажеттілігі қамтамасыз етілді. Одақ ыдырағаннан кейін аймақтың барлық өзендері трансшекаралық мәртебеге ие болып, орталықтандырылған басқарудың орнына аймақтық механизмдерді құру қажеттілігі туындады.

1998 жылы Сырдария бассейнінің Орталық Азия елдері: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстан арасында Сырдария өзенінің бассейніндегі су -энергетикалық ресурстарды пайдалану бойынша бірінші және негізгі келісімге қол қойды.

Қырғызстанның қажеттілігінен асатын және Қазақстан мен Өзбекстанның сұранысы бойынша Тоқтағұл су қоймасынан өтетін судың әсерінен Нарын каскадында өндірілетін гидроэлектр энергиясы Қазақстан мен Өзбекстанға тең мөлшерде беріледі. Бұл аударымды Өзбекстан мен Қазақстан көмір, газ және мұнай сияқты энергия ресурстарының эквиваленттік мөлшерімен немесе келісілген ақшалай түрде өтейді.

Келісімде Тоқтоғұл су қоймасының режимін реттеудің өтемақы тетіктерін құру қарастырылған. Белгіленген мақсаттар мен ұзақ мерзімді әрекетке қарамастан, бұл Келісім негізгі міндеттерді – қатысушы елдердің мүдделері үшін Нарын-Сырдария ГЭС каскадының жұмыс режимін тұрақты басқаруды қамтамасыз етуді орындамады. Бұған табиғи факторлар себеп болды, бірақ көбінесе мемлекеттер арасындағы төлемдердің болмауы және қол жеткізілген келісімдерді орындаудың міндеттемесінің орындалмауы сияқты қаржылық және экономикалық факторлар әсер етті.

Анықталғандай, мемлекеттердің бірі ақы төлегісі келмесе, қалғаны ренжіген күйде суды өз мүддесі үшін үнсіз пайдалана берген. Нәтижесінде Қазақстан Сырдария бассейніндегі жеңілген соңғы мемлекет күйінде қалды. Осы күнге дейін  солай болып келе жатыр.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропа экономикалық комиссиясының БҰҰ UNECE-нің 2016 жылғы мамырда жарияланған 25 беттік есебіндегі «Трансшекаралық бассейндердегі ресурстарды пайдалануды үйлестіру: Сырдария бассейніндегі су, азық -түлік, энергия және экожүйе арасындағы байланысты бағалауға қысқаша шолу» тақырыбымен жазылған 25 бетте еуропалық сарапшылар трансшекаралық ынтымақтастықты қалай ынталандыратынын егжей-тегжейлі сипаттаған және жағалаудағы елдердің көптеген қажеттіліктеріне байланысты қатынастардағы шиеленісті төмендетуге көмектесетін шараларды ұсынған. Бірақ оларды кім тыңдайды? Осылайша Сырдария бассейнін пайдалану мен пайдалануға қатысты жағдай күрделене берді.

Елдер арасындағы жаңа келісімге 2001, 2005, 2008, 2011 және 2016 жылдары қол қойылған.

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қызылорда аймағының апатты жағдайы туралы жарияланғаннан кейін, өзеннің таяздығына байланысты мәселелерді бірлесіп шешу бойынша қазақ-қырғыз келіссөздерінің келесі раунды қараша айында болатынын мәлімдеді.

«Жағдай күрделі. Бұл мәселені бақылауда ұстап отырмыз, бәріқ бәрі оңай емес. Біріншіден, судың таяздығы. Биыл қуаңшылық болғандықтан осылай болды, бірақ бұдай да басқа әсер етуші факторлар көп. Қазіргі уақытта біздің мамандар Тәжікстан, Өзбекстан және Қырқызстандағы әріптестерімен бірігіп жұмыс істеуде. Біз өзеннің аяқ жағында орналасқанбыз, сондықтан бәрі бізге байланысты емес», - дейді Экология министрі Серікқали Брекешев.  

Қазақстан жаңа экологиялық апаттың бастауында тұрған сияқты және мәселенің шешімі жоқ болып көрінеді. Қанша қорқынышты естілсе де, Қазақстандағы саясаткерлердің, ғалымдардың ешқайсысы мәселені шешу әдістері туралы айтпайды. Тек не болғаны және келесі келіссөздер мен ондаған жылдар бойы қол қойылған кейбір уақытша келісімдер туралы ғана айтады. Ал, Дүниежүзілік метеорологиялық қауымдастықтың мәліметінше, Арал теңізінің құрғауын тоқтату мүмкін емес. Айтпақшы, бұл Сырдария алабымен тікелей байланысты. Уақыт жоғалтып алдық.

Арал – 20 ғасырдағы ең ірі антропогендік экологиялық дағдарыстардың бірі. Теңіздің бұрынғы шекарасынан 100 км радиуста климат күрт континентальды болып өзгерді, жауын -шашын мөлшері бірнеше есе азайды, тоғай ормандары өлді және 130-дан астам жануарлар мен 30 балық түрлері жойылды. Шаңды дауыл ондаған шақырымға құм мен химиялық ластаушы заттарды тасымалдайды. Сырдария мен Әмудариядан су алу 100 жылға толығымен тоқтатылғанда ғана Аралды құтқаруға болар еді. Бірақ, бұл – мүмкін емес.

Сырдария бассейндерінен су алу 1950 жылы басталып, үлкен қарқынмен жүрді.

1954-1981 жылдар аралығында 15 жасанды су қоймасы салынды.

1970 жылдың аяғында Сырдарияның ағысы Арал теңізіне жетуін тоқтатты.

Суды зерттейтін ғалым, Су ресурстары жөніндегі мемлекеттік комитеттің бірінші төрағасы Нариман Қыпшақбаев Сырдария мәселесі бойынша БҰҰ мен ДСҰ-ның тұжырымдарын растайды.

Фото: qazsu.kz

«Аймақтағы барлық мемлекеттер бірге жұмылдырылған жағдайда ғана су мәселесін шешуге болады. Бүкіл жер бетінде Орталық Азиядан басқа күрделі трансшекаралық су жүйесі жоқ. Сырдария – өзен жағасында тұратын 67 миллион адамның негізгі тіршілік көзі. Суармалы жерден алынатын өнімның қалай болуы осы өзенге баланысты. Су жеткіліксіз және сапасы да жақсы емес. Халық санының өсуі, өңірлердің дамуы, ірі қалалардың құрылысы – осының бәрі су мөлшерінің азаюына тікелей әсер етеді. Бұрын Кеңес Одағы кезінде суды бөлумен Мәскеу айналысты. 1991 жылдан кейін су шаруашылығы министрлері мұнымен дербес айналыса бастады. Ташкентте, Алматыда жиналып, келісімдерге қол қойды, бірақ мәселе әлі шешілген жоқ».

«Су шаруашылығы жылы 1 сәуірде басталып, келесі жылдың 31 наурызында аяқталады. Бұ5ан вегетациялық кезең кіреді, су алқаптарды суару үшін алынады. Осыдан кейін су суқоймаларына жиналады. Егін ору науқаны біткенде суқоймаларында да су таусылады»

«Қырғызстан мен Тәжікстанда энергия ресурстары жеткіліксіз. Кеңес Одағы кезінде Қазақстан, Түркіменстан және Өзбекстан бұл елдерге судың орнына мұнай, газ және көмір жеткізді. Бұл алмасу енді тоқтатылды, сондықтан Қырғызстан мен Тәжікстан өз суын қалағандай пайдаланады. Бұл – олардың ресурсы. Менің ойымша, бұл жақсылыққа әкелмейді. Суды саяси мақсатта және қысым құралы ретінде пайдалануға болмайды. Бірге жұмыс істеуді үйренбейінше ештеңе өзгермейді».