Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі WhatsApp, Telegram жәнебасқа да шетелдік мессенджерлерді қолдануға тыйым салынады деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Министрлік мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Цифрлық даму министрлігі жеке мақсатта шетелдіксервистерді қолдануға еш тыйым салынбайтынын хабарлады.
– Aitu мессенджерін енгізу бастамасы тек орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор ұйымдарына қызметтік коммуникация үшін ғана ұсынылады. Ол мемлекеттік қызметкерлер тек жұмыс барысында пайдаланатынақпаратпен қауіпсіз алмасуды қамтамасыз ету мақсатында қолданылады. Мақсаты – ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру және қорғалған цифрлық ортаға көшу, дейді министрліктегілер.
Aitu
Министрлік Aitu шетелдік мессенджерлерді азаматтардың жеке өмірінде алмастырмайды және оған «кедергі келтірмейді», ол текмемлекеттік сектордағы жұмыс процестері үшін қорғалған арнаны қамтамасыз етеді дейді.