Атырауда Жайық жағасынан әйелдің денесі табылды

Ulysmedia

23 қазанда Жайық өзенінің жағасында белгісіз адамның жатқаны туралы хабар түскен, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 23 қазан күні сағат 08:04 шамасында Балықшы шағын ауданы мен Жұмыскер елді мекенін жалғайтын көпірдің астанда өзен жағасында белгісіз адамның денесі табылды.

«Өлі күйінде табылған 1968 жылғы әйел екені анықталды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.