Рыбакина - Брисбендегі турнирдің жеңімпазы

Оралхан Қожанов

Отандасымыз Елена Рыбакина Аустралияның Брисбен қаласындағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды. Финалда ол беларусь теннисшісі Арина Соболенконы 6:0, 6:3 есебімен жеңді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

WTA сайты

Бұл – спортшылар арасындағы оныншы кездесу болатын. Әзірге өзара текетіресте 6-4 есебімен Соболенко алда тұр.

Айта кетейік, Brisbane турнирі 3 жылдық үзілістен соң, қайта жалғасып жатыр.

Отандасымыз финалда жеңгені үшін 220 мың доллар сыйақы алды.

Турнир басталғанға дейін Рыбакина әлемдік рейтингте төртінші орында тұрған болатын. Бұл жеңісінен кейін жаңартылған нұсқада ол үшінші орынға көтеріледі.

Бұған дейін Елена Рыбакинаның 2023 жылды табысты аяқтағанын жазған едік.