Шымкентте оқушы сабақ кезінде көз жұмды

Ғалиасқар Думан

Оқушының жүрегі тоқтап қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Pixabay сайтынан шартты сурет

Шымкент қаласы білім басқармасының мәліметіне қарағанда, №48 жалпы орта мектепте11 қаңтар күні сағат 11.00-де дене шынықтыру сабағы барысында 2010 жылы туған  8 «А» сынып оқушысы Тұрдалы Азамат Ғаниұлы есінен танып құлаған. Мектеп медбикесі  Розиева Гулжамал спорт залға жылдам жетіп алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған.

– Шақыруға келген жедел жәрдем қызметкерлері екінші арнайы шұғыл жәрдем шақырған. Алайда шұғыл жедел жәрдем келгенше баланың жүрегі тоқтап, қайтыс болғандығын хабарлайды. Құзырлы органдар тарапынан тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды басқарма.

Баланың әкесі жүргізуші, анасы колледж мұғалімі. Азамат үш баланың ортаншысы болған.