Бірқатар облыста қар жауады - синоптиктер

Оралхан Қожанов

Синоптиктер 14 қаңтарда 17 аймақта ескерту жариялады. «Қазгидромет» мамандары боран соғып, аяз күшейеді деген болжам жасап отыр, деп жазады Ulysmedia.kz.

Inbusiness.kz

Бүгін күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қар жауады. 

Облыстың солтүстігінде тұман, тау асуларында жаяу борасын. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың оңтүстік, батыс, таулы және тау бөктерлі аудандарында – 15-20, екпіні – 23-28 м/с.

Шымкентте оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні – 15-20, кей уақытта – 23 м/с. 

Түркістан қаласында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні – 15-20, кей уақытта – 23 м/с.

Астанада бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, таңертең және күндіз кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақытта екпіні – 18-23 м/с.

Ақмола облысының шығысында қатты қар күтіледі. Бұрқасын соғады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші  – 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Көкшетауда бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші – 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледіү

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады 15-20 м/с, екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының қар, облыстың солтүстігінде қатты қар күтіледі. Бұрқасын. Батыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні – 23-28 м/с, күндіз кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. 

Өскеменде 14 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні –15-20 м/с.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында – 15-20, екпіні – 23-28 м/с. 

Семейде 14 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, екпіні – 15-20 м/с.

Қызылорда облысында қар жауады. Солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Көктайғақ болады. Облыстың орталығында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде күші облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. 

Қызылорда қаласында 14 қаңтарда тұман, түнде көктайғақ күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23-28 м/с күтіледі. 

Қарағанды қаласында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ұлытау облысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының шығысында, солтүстік-батысында тұман күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Маңғыстау облысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 20 градус қатты аяз күтіледі. 

Павлодар облысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, жел соғады, түнде облыстың батыстан, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 14 қаңтарда таңертең және күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, жел соғады, күндіз 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, қар жауады. 15 қаңтарда түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты қар күтіледі. 14 қаңтарда облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі.