Астана әуежайында оннан астам рейс тоқтап тұр

Ulysmedia

Әуежайда кешіктірілген және тоқтатылған рейстер ауа-райына байланысты емес, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

14 қаңтарда Астана халықаралық әуежайында 11 рейс уақытынан кешікті. Авиакомпанияның шешімімен Астанадан Алматыға, Жезқазған мен Түркістанға 3 рейс тоқтатылды.

Астана әуежайында қазір ұшу және қону үшін қолайлы ауа райы сақталуда. Әуеайлақтағы ауа температурасы – 18, желдің жылдамдығы – 12 м/с.

Естеріңізге салсақ, 31 желтоқсанда Астана халықаралық әуежайында 112 рейс жоспарланып, бірақ қолайсыз ауа райына байланысты ондаған рейстер тоқтатылған болатын.