Қазақстанда блогерлер қанша салық төледі

Ulysmedia

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев блогерлерге салық салу мәселесін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Pixabay

Блогерлерге салынатын салықтар

Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, Қазақстанда 400-ден астам блогер тіркелген.

"2023 жылдың қорытындысы бойынша олар 200 млн теңгеден астам салық төледі. Егер олардың қызметі бизнеспен байланысты болса, әрине, салық төлеуі керек. Бұл үшін арнайы салық режимі бар. Жүктеме 1%-дан 4%-ға дейін", - деп атап өтті ол.

2023 жылдың шілдесінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заңға қол қойған болатын.

"Блогер" терминінін анықтамасы заңмен реттеліп, онлайн платформалардағы жарнамаларды таңбалау бойынша міндеттемелер енгізілді.

Осылайша, қазақстандық блогерлер өздерінің әлеуметтік желілердегі аккаунттарында жарияланған барлық жарнама үшін табыс салығын төлеуге міндетті.