Шымкентте Еңбек мобильділігі орталығының басшысы ұсталды

Ғалиасқар Думан

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкентте Еңбек мобильділігі орталығының басшысы ұсталғаны туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөзден

Шенеунік қандай күдікке ілінде

Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қалалық«Еңбек мобильділігі орталығы» мекемесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Әсет Шағдат қамауға алынған.

– Ол «Бастау Бизнес 2023» ұлттық жобасы шеңберінде гранттардың нысаналы пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыру кезінде жалпы қамқорлығы үшін делдал арқылы 200 мың теңге сомасында пара алу бойынша күдікті, – деп хабарлайды агенттік.

Еңбек мобильділігі орталығы немен айналысады

2023 жылдың шілдесінен бастап Қазақстанның облыс орталықтарында – Астана, Алматы және Шымкент қалаларында еңбек мобильділігі орталығы жұмыс істей бастаған.

Орталықтар аймақтың жұмыс күшіне сұраныс пен болжамды талдау және болжау жүргізеді, халықты аймақтың еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етеді. Мансап орталықтарын басқарады.

Орталықтар жұмыс берушілер мен азаматтарға мансап орталықтары арқылы қызмет көрсетуі керек. Қазақстанда 20 еңбек еңбек мобильділігі орталығы және 207 мансап орталығы жұмыс істейді.