Соңғы бір жылда АҚШ шекарасын 1,7 млн мигрант кесіп өтпек болды

Ulysmedia

Соңғы бір жыл ішінде АҚШ пен Мексика шекарасында 1,7 миллионнан астам адам ұсталды. Бұл –  тарихтағы рекордтық көрсеткіш, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

bbc.com-ның мәліметінше, республикашылар президент Байденді мигранттарға азаматтық беру туралы уәде бергені үшін кінәлауда. Осы себепті мигранттар АҚШ-ға ағыла бастаған.

АҚШ-тың шекара-кедендік баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған мигранттардың жартысы өз еліне қайтарылды. 1,7 млн деген жекелей адам емес, олардың ішінде бірнеше рет АҚШ-ға өтіп кетпек болғандары бар.

Америкаға 160-тан астам мемлекеттің азаматтары бармақ болған. Мигранттардың көбі Мексикадан, Гондурастан, Сальвадордан болды. Олардың басым бөлігі – 1,1 миллионы орта жастағы адамдар. Соңғы мәлімет бойынша, соңғы 12 айда шекараны ересектердің қарауынсыз 145 мың бала кесіп өтпек болған.

АҚШ-тың оңтүстік шекарасында соңғы 12 айда ұсталған мигранттар саны 20 жыл бұрынғы рекордты жаңартты. 2000 жылы шекарадан 1,6 млн адам заңсыз кесіп өтпек болған.