Илон Масктың компаниясы халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) Axiom mission 3 (Ax-3) миссиясының бір бөлігі ретінде ғарыш туристері бар Crew Dragon кемесін ғарышқа жіберді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Crew Dragon 18 қаңтарда АҚШ-тың шығыс жағалауында сағат 16:49-да Флоридадағы Кеннеди атындағы NASA ғарыш орталығының ғарыш кешенінен Falcon 9 зымыран тасығышы ұшырылды.
– Орбиталық зертханада болған кезде экипаж адам физиологиясы мен өнеркәсіптің технологиялық жетістіктеріне арналған 30-дан астам ғылыми эксперимент жүргізеді, - деп атап өтті SpaceX.
Кеме экипажының құрамына бұрынғы NASA астронавты Майкл Лопес-Алегрия (кеме командирі), Италия әуе күштерінің полковнигі Вальтер Вилладей, Швеция азаматы Маркус Вандт және Түркия әуе күштерінің ұшқышы Альпер Гезеравджа (ол Түркия тарихындағы алғашқы астронавт болады) бар.
Бұған дейін Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ХҒС-қа ұшу үшін төртінші қазақстандық ғарышкерді даярлау жүргізіліп жатқанын хабарлаған еді.
Мусин қазір зерттеулер жүргізіліп жатқанын және ғарышкер таңдалған ғылыми бағдарламаға таңдалатынын айтты. Сонымен бірге, ЦДИАӨМ басшысы Мусин ғарышкерді ғарышқа бару үшін ғана жібере алмайтынын, нақты ғылыми бағдарлама қажет екенін атап өтті.
Министр нақты мерзімдерді атаған жоқ, оның айтуынша, бәрі қаржыландыруға байланысты болады.