Алдағы күндері 30 градусқа дейін аяз болады - Қазгидромет

Оралхан Қожанов

«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Алдағы екі күнде күнде елдің батыс бөлігіне Батыс антициклон әсер етеді. Өңірде жауын-шашын болмаса да аязды ауа райы күтіледі, ал елдің қалған аймақтарына оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальді бөлімдер әсер етеді, олармен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Одан бөлек көктайғақ, тұман және боран болады деп болжанып отыр.

Түнде елдің батысында ауа температурасы 22-30 аязға дейін, солтүстік-батыста 20-30 аязға дейін, солтүстікте, орталықта және шығыста 7-18 аязға дейін әлсірейді, оңтүстікте 5 аязға дейін – 5 жылу, оңтүстік-шығыста 0-10 градус аязға дейін көтеріледі.