Ресей тумасы Александр Шевченко келесі аптадан бастап Қазақстан үшін ойнайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Теннисші өзінің инстаграм парақшасында:
“Баршаңызға сәлем! Барлықтарыңызға келесі аптадан бастап теннис кортында Қазақстан үшін ойнайтынымды жеткізгім келеді. Бұл жаңалықпен мақтанамын және кортта ойнау арқылы өзіме және елге есте қалар сәттер сыйлағым келеді”, - деген жазба жариялады.
Александр кім?
29 қараша 2000 жылы Ресейдің Ростов на дону қаласында туған. Бойы 185, оңқай. Бэкханды екі қолмен. Дәл қазір әлемнің 48-ракеткасы. Бір рет ATP 250 турнирінің финалында ойнаған. Ресей теннисшісі Анастасия Потаповаға (29-ракетка) жыл соңында үйленген.
Жалпы спортшының бізге келетінін теннис әлемі алдыңғы жылдан бері сезген. Бубликтің және оның командасының қасында көп көрінетін. Жыл соңында Қазақстан теннис федерациясы азаматтық туралы ақпаратты растады.