Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың тағы бір ескерткішін алып тастады

Ғалиасқар Думан

Нұрсұлтан Назарбаевтың алынып тасталған ескерткіші Қазақстанның Ұлттық музейінде тұрған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Ұлттық музейден бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіштің алынып тасталғаны туралы ақпарат тараған.  

Музей не жауап берді

Ulysmedia.kz тілшісіне берген жауабында Ұлттық музей өкілдері ақпаратты растады.

– Ескерткіш музей қорында тұрақты түрде сақталатын болады. Бұл жұмыстар екі апта бұрын басталды. Демалыс күндері орны ауыстырылды, - деп хабарлады мұражайдың баспасөз қызметі.

Университет алдынан алынып тасталған ескерткіш

Бұған дейін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінің алдында тұрған ескерткіші алынып тасталған болатын. Ол ескерткіш 2020 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың 80 жылдығында университет алдына арнайы қойылған еді.