Нұрболат Дәкебаев видеоны ұсталар алдында түсірген, деп жазады Ulysmedia.kz.
– Ассалаумағалейкүм, барша қазақстандықтар, барша мұсылмандар, Қазақ елі! Мен 2024 жылы 1 ақпан күні өзім барып берілмекшімін. Себебі істеп қойған қиянатым күн бермей жатыр. Бәрінен, ақ халаттылардан кешірім сұраймын. Мен зиян тигізбек ойым болған жоқ. Ондай ойым болмаған, болмайды да. Жаңағы қол жұмсап, менен жәбір көрген бауырымнан мен кешірім сұраймын. Алла разылығы үшін кешіріңіздер. Қазақстандағы мұсылман бауырлар, барлықтарыңыз мені кешіріп қойыңыздар. Өз қателігімді түсініп отырмын, – дейді Дәкебаев.
Еске сала кетейік, Қарағанды тұрғыны жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан болатын. Төреғали есімді жүргізушіның мұрны, қабырығасы сынып, көзі көрмей қалған. Полицейлер төбелескен адамның кім екенін анықтаған. Ал кеше күдікті қолға түскен.