Қазақстанда алғаш рет отандық беспилотниктер сынақтан өтті

Ulysmedia

Ұшқышсыз ұшу аппараттарын жасауға бірнеше қазақстандық компания қызығушылық танытқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: gov.kz

Қорғаныс министрлігі Қазақстанда отандық кәсіпорындар Қарулы күштердің қажеттіліктері үшін арнайы әзірленген ұшқышсыз ұшу аппараттарының алғашқы сынақтары өткенін хабарлады.

БПЛА ұшу-техникалық талаптарға сәйкестігін бағалау үшін комиссия құрылған.

Барлық ұшу техникасы заманға сай бейнебақылау құралдарымен, датчиктермен, қашықтық өлшегіштермен және тепловизорлармен жабдықталған. Сарапшылардың назарына әртүрлі ұшу аппараты ұсынылды. Дрондар аспанға катапульттан, арнайы резеңке жолақтың керілуімен, орнынан тікұшақ сияқты тігінен көтеріліп, ұшақ ретінде де ұша алады.

Дрондар

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда түрік дрондарының сынақтары өткізілгені хабарланған болатын.