Мажарстандағы қазақ диаспорасы Тоқаевтан елшінің кетуін талап етті

Оралхан Қожанов

Мажарстандағы қазақ диаспорасы Мажарстандағы елшінің кетуін талап етіп, Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

gov.kz

“Құрметті Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт көке! Қал-жағдайыңыз қалай? Біз Мажарстандағы қазақ диаспорасы Мажарстандағы елшінің кетуін талап етеміз. Келгеніне 5 жыл болды Рүстем Нұрбах ашып беріп кеткен Абай орталығын бермей балаларымызды бір рет болсада қазақ тілін оқыту оқытпағанына. Өздерінің балаларын фотоға түсіріп Абай орталығын аштық деп өтірік ақпарат таратты. Осындай жүйемен күрескенім үшін мені жаудай қарап жақтыртпады. Бұл жақтағы қазақ диаспорасының атынан тез кетуін бір ауыздан талап етеміз. Азғантай қазақ диаспорасының проблемасын шеше алмаған адам, 20 миллион халықтың проблемасын көтеріп шешеді деп айта алмаймыз. Біздің осы тез арада кетсін деген талаптарымызды қабыл етулеріңізді сұраймыз. Біздің тараптан бүкіл дәлелдер бар”, – делінген хатта.

Айта кетейік, Мажарстан – Қазақстанның Тәуелсіздігін алғаш мойындаған елдердің бірі. Тарихы тамырлас, ғұмыры тағдырлас мажар жұртымен біздің мәдени байланыс жоғары деңгейде. Өзге де салаларда баянды байланыс орнатылған.