БЖЗҚ қаражаты есебінен вагондарды сатып алу ісі не болды

Ulysmedia

Бір жүк вагонының құны шамамен 30-35 млн теңгені құрайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров БЖЗҚ қаржысына вагондар сатып алуға қатысты пікір білдірді.

"Бірінші жобаға сәйкес, вагондарды, жүк және жолаушылар вагондарын жаңартуға қаржы бөлінді. Қаражат игерілуде. Вагондарды жеткізу жалғасуда. Жобалардың алдын-ала пулы бар, Үкімет бағыттарды анықтады. Инфрақұрылым, өңдеу өнеркәсібі… айтпақшы, біз энергетиканы БЖЗҚ бойынша жобалар тізіміне әлі енгізген жоқпыз. "Бәйтерек" қоры, оның еншілес құрылымдары әрбір жобаны зерттеп жатыр, мақұлдағаннан кейін ғана БЖЗҚ қаражатын алу үшін Ұлттық Банкке жүгіне аламыз", - деді ол.

Естеріңізге салсақ, қазақстандықтардың барлығының дерлік зейнетақы қаражатын басқаратын Ұлттық банк БЖЗҚ-дан "Бәйтерек"ұлттық басқарушы холдингі" АҚ облигацияларына 173 миллиард теңге инвестиция салған болатын.