2024 жылғы 9-11 ақпанда Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мемлкеттік кірістер комитеті ҚХР-да көктемді мерекелеуге байланысты 2024 жылғы 9-11 ақпанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұрғындардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтындығын хабарлайды.
Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
Тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген мәліметте.