«Сarbon салығы» Қазақстан импорттайтын негізгі өнімдерге салынады

Аян Өрібай

Еуропалық одаққа мүше елдер өндірісінде «лас» технологиялар пайдаланылған тауарларға (импортталатын) carbon салығын салғалы жатыр. Салық өндірістің қай салаларын қамтиды? Осы сұрақ ОКҚ алаңында ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевке қойылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.

Фото: Ашық дереккөзден

«Шынында да, 2023 жылдан бастап Еуропалық одақ көміртегі салығын салуды жоспарлап отыр. Бұл салық өндірісінде қалдық деңгейі жоғары тауарлар мен өнімдерге салынады. Ондай өнімдерді шығаратын елдерге 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін транзиттік кезең берілетінін атап өту керек», - деді Әсет Ерғалиев Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Министр сонымен қатар салық өндірістің қай түрлеріне салынатынын айтып берді.

«Ол өнімдердің қатарына мұнай, құрыш, алюминий, цемент, органикалық химия өнімдері жатады. Көміртегі салығының өзіндік құрылымы, оның деңгейін қазір Еуропалық одақ талқылап жатыр. Бұл талқылаудың барысын тұрақты түрде бақылап, талдау жасап, Еуразиялық экономикалық елдердегі әріптестерімізбен де ақылдасып отырмыз. Жалпы есеп жүргізілу үстінде. Жыл соңына қарай салық жайлы толығырақ ақпарат берілеп деген ойдамын», - деді ол.