Қазақстанға педофилдер мен террористердің кіруіне заңмен тыйым салынады

Аян Өрібай

Депутаттар тиісті норманы заңға енгізгелі жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Депутаттар халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша заңға өзгерістер енгізеді. Мәжілісмен Магеррам Магеррамовтың айтуынша, аталған заң жобасы бір топ депутаттармен «халықтың көші-қоны туралы» Заңын жетілдіру және өзге де заңнамалық актілерді Қазақстаның қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында әзірленген.

Заң жобасы:

  • көші-қон саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындауды;
  • кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық қылмыстары үшін сотталған шетелдіктерге елімізге кіруді және елдің азаматтығын алуды шектеуді;
  • экстремистік немесе террористік әрекетке қатысы бар шетелдіктердің елге кіруіне тыйым салуды;
  • төтенше жағдайларда қолданылу мерзімі өткен құжаттарды пайдалану мәселесін реттеуді көздейді.

«Жоғарыда аталған жаңалықтарды іске асыру заңнамадағы бар олқылықтарды жою, көші-қонды неғұрлым тиімді бақылауды қамтамасыз етеді және халықты құжаттандыру рәсімдерін жақсартады. Заң жобасын жұмыс тобының отырыстарында қарау барысында Парламент мәжілісінің депутаттары бірқатар түзетулер енгізді», - дейді ол.