Олимпиада чемпионы Бокс федерациясының вице-президенті болып тағайындалды

Ulysmedia

Бокстан Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Бокс федерациясы

Бұл туралы Olympic.kz жазды.

Танымал былғары қолғап шебері Қазақстан бокс федерациясында бапкерлер штабымен жұмыс жөніндегі вице-президент қызметіне тағайындалды.

Мұхтархан Ділдәбеков – Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері (1997), аса ауыр салмақта Олимпиада ойындарының (2000) және әуесқой бокстан әлем чемпионатының (1999) күміс жүлдегері, "Парасат" орденінің иегері (2000).

Айта кетейік, ақпанның басында Астанада Қазақстан бокс федерациясының жылдық дәстүрлі жиыны өтіп, онда федерацияның жаңа президенті болып Шахмұрат Мүтәліп сайланды. Ол бұл қызметте Кеңес Рақышевті алмастырды.

Кеңес Рақышевтің орнына Қазақстан бокс федерациясының басшысы болып Шахмұрат Мүтәліп тағайындалған болатын.

Федерацияның жаңа басшысы – құрылысшы, integra Construction KZ компаниясының бенефициарлық меншік иесі. 33 жаста. Куала-Лумпурда және Тұран университетінде оқыған.

Үйленген, үш баласы бар.