Алматы облысында төрт баланы сабап азаптады деген күдікті ұсталды

Сырым Қаржас

Алматы облысының Жамбыл ауданында жас балаларға сабады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Скриншот

Бұған дейін желіде белгісіз ер адам төрт баланы байлап, оларды ұрып-соғып, пышақпен қинап жатқан видео пайда болған еді.

Алматы облысы полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленовтың айтуынша, күдікті Қарасай ауданында ұсталған.

Күдікті аудандық полиция бөліміне қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.