Кім көп ет жейді: Моңғолия ма әлде Қазақстан ба

Ulysmedia

Соңғы бірнеше онжылдықта етке әлемдік сұраныс тұрақты түрде артып келеді, бұл көптеген елдерде халық санының өсуі, урбанизация және өсіп келе жатқан әл-ауқат сияқты факторларға байланысты, деп жазады Ulysmedia.kz Economy KZ телеграмм арнасына сілтеме жасап.

Ашық дереккөзден

Әдетте, етті көп тұтыну көбінесе дамыған елдерге тән. АҚШ, Аустралия және ЕО елдері сияқты елдер тарихи тұрғыдан ет тұтынудың жоғары деңгейімен ерекшеленді, өйткені бұл елдерде мал шаруашылығы өте дамыған, ал тұтынушыларға түрлі ет өнімдері қолжетімді.

Осылайша, «Wisevoter» консалтингтік компаниясының (АҚШ) зерттеуіне сәйкес орташа есеппен, планетаның бір тұрғыны жылына 49 кг ет өнімдерін тұтынады. Елдердің ішінде етті Гонконг тұрғындары ең көп тұтынады - 137 кг. (1-орын), АҚШ - 124 кг. (2-орын) және Австралия - 122 кг. (3-орын). Көршілес Моңғолия мен Ресей сәйкесінше 88 кг (14-орын) және 77 кг (34-орын) тұтынады. Қазақстан тұтыну деңгейімен әлем бойынша 54 орында тұр - жылына бір тұрғынға 65 кг. еттен келеді.

Бұл ретте, Wisevoter халықаралық компаниясының деректері ҚР Ұлттық статистика бюросының деректерінен едәуір ерекшеленеді. Осылайша, Қазақстанның 2022 жылғы ресми статистикасының деректеріне сәйкес еліміздің әрбір тұрғыны жылына кемінде 78 кг ет тұтынды.

Өңірлер бөлінісінде етті азық-түлікке Жетісу, Ақмола және Алматы облыстарының тұрғындары (әрқайсысы 93 кг.), ет және ет өнімдерін Шымкент қаласының тұрғындары (53 кг.) жиі пайдаланады.

Моңғолияда ет тұтынудың жоғары болуы елде мал шаруашылығының өте дамығандығына байланысты. Мәселен, ауыл шаруашылығы секторы Моңғолияның ЖІӨ-нің 13%-ін құрайды және онда жұмыс күшінің үштен бірі қамтылған.

Моңғолияның ауылшаруашылық секторының негізгі бөлігін мал шаруашылығы алады (80%), ал жануарлардан алынатын өнімдер елдің ұлттық экспортының шамамен 10%-ін құрайды.