«Астананың» бас жаттықтырушысы Андрей Тихонов екі жылға футболдан шеттетілді

Ulysmedia

Тәртіптік-бақылау комитетінің отырысы өтіп, «Астананың» бас жаттықтырушысы Андрей Тихонов екі жылға футболдан шеттетілді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Prosports.kz-ның мәліметінше, көрермендерге қарсы дөрекі мінез-құлық көрсеткені үшін Тәртіптік регламенттің 53-бабына сәйкес «Астана» командасының ойыншысы Барсегян Т. ҚФФ және ҚКФЛ аясында бір айға барлық жарысқа қатысу құқығынан айырылады.

Дисквалификация мерзімі 2021 жылдың 25 қазанынан бастап есептеледі.  Команданың тәртіпсіз мінез-құлқы үшін, «Fair Play» қағидаттарын бұзғаны үшін, ойыншылар матчтың ресми өкілінің рұқсатынсыз футбол алаңынан шығып кеткені, қарсыласқа, матчты ұйымдастырушыға, матчтың ресми тұлғаларына, көрермендерге құрметсіздік танытқаны үшін Тәртіптік регламенттің 53-бабына сәйкес «Астана» командасының бас бапкері Тихонов А. ҚФФ және ҚКФЛ жетекшілігімен өтетін барлық жарыстан жиырма төрт айға шеттетілді. Шектеу кезеңі 2021 жылдың 25 қазанынан бастап есептеледі.